00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жас теннисшілеріміз Аустралия чемпионатында бақ сынайды

1 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жас теннисшілеріміз Аустралия чемпионатында бақ сынайды
Фото: ktf.kz

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында алдағы жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатында ойнайды, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы және Айя Нұпбай іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия біріншілігі 20-27 қаңтар аралығында өтеді.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов 16 жаста. Жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 55-орында тұр. Ол ITF Juniors санатында өткен жарыстарда жекелей және жұптық сында бес реттен жеңімпаз атанды.

Алматы теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова рейтингіде 68-сатыда келеді. Ол ITF Juniors додаларында жекелей сында бір рет чемпион болды. Ал жұптық сында 13 титулға қол жеткізді.