00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттар тізімін жариялады

22 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттар тізімін жариялады
фото: olympic.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және жаңа редакциядағы халықаралық стандарттар, сондай – ақ білім беру жөніндегі халықаралық стандарт күшіне енді. Бұл туралы допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

ББХС-тің негізгі қағидасы - спортшы тестілеу арқылы емес, білім беру арқылы допингке қарсы білім алуы керек. Білім беру әділ спорт құндылықтарына сәйкес мінез-құлықты дамытуға және спортшылар мен басқа адамдардың допинг қолдануын болдырмауға көмектесуге бағытталған.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2024 жылы тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізімін жариялады. 

Тыйым салынған тізім WADA кодексіне қол қойған барлық адамдар үшін міндетті халықаралық стандарттардың бірі болып табылады. Тізімде жарыс кезінде және одан тыс уақытта қолдануға тыйым салынған, сондай-ақ нақты спорт түрлерінде тыйым салынған заттар көрсетілген.