Тоғызқұмалақтан оқушылар арасында әлем чемпионаты басталды
21 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысуда: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түрікменстан, Латвия, Чехия және т.б.
Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.
Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар