05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

|
Photo: Фото: ktf.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

|
Photo: Фото: ktf.kz

Екі жылға жуық үзілістен соң жуырда ғана кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирде топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы Беларусь спортшысы Алена Фалеймен кездесіп, алғашқы кезеңде 0:6 есебімен ұтылды.

Дегенмен Диас камбэк жасап, келесі екі сетте жеңісті жұлып алды. Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін Кайсери турнирінде Зарина Диас румындық Патрисия Мария Цигті, неміс Пиа Префкені, түрік теннисшісі Дениз Дилекті және ресейлік Екатерина Маклакованы ұтқан болатын. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗