Теннисші Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті

Фото: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-та (Нью-Йорк) өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық спортшы Чехиядан барған 18 жастағы Тереза Валентованы екі сетте 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.
Айта кетейік, келесі кезеңде Рыбакина 2021 жылғы US Open чемпионы, ұлыбританиялық Эмма Радуканумен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар

12 қазан, 2025
Спорттық гимнастикадан Джакартадағы әлем чемпионатына елімізден кімдер қатысады

12 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Астанада «Торпедомен» кездеседі

12 қазан, 2025
Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турниріндегі жетінші жекелей титулын жеңіп алды

10 қазан, 2025
“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады