00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құсбегіліктен алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті

13 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Құсбегіліктен алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті
Фото: дереккөз

Көшпенділер ойындары аясында «Құсбегілік» спорт түрі бойынша алғашқы жарыс күні аяқталды. Қазылық еткен төрешілердің шешімімен «Бүркіт салу» санатында 12 спортшы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Айта кетсек, бүркіт құсы бойынша байрақты бәсекеде 10 мемлекеттен 18 спортшы бақ сынады. Жартылай финалдық кезеңнен сүрінбей өткендер бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де финалдық кезеңде өнер көрсететін болады.

«Бүркіт салу» санатында ақтық мәреге шыққандар:

Ерзат Байқадамов – Қазақстан;

Серікбек Күнтуған – Қазақстан;

Арман Қошқаров – Қазақстан;

Акылбек Карыпбеков – Қырғызстан;

Чыныбай Уркалиев – Қырғызстан;

Салават Айбекулы – Қырғызстан;

Андрей Семизаров – Ресей;

Ирина Попова – Ресей;

Жеңісбек Серік – Моңғолия;

Миклос Бато – Мажарстан;

Алан Хамсон – Канада;

Энрик Фрикса Мас – Испания.

Құсбегіліктен өтіп жатқан сайыстарға көрермен тарапынан қызығушылық жоғары. Әсіресе, құсбегілік өнерін жоғары бағалап, қатысушыларға қолдау көрсеткендердің қатарында шетелдік азаматтардың қарасы көп. Бұл көшпелі дәстүрдің ең көне түрін жаңғырту жұмыстары әлемдік деңгейде дұрыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің бас қаласында өтіп жатқан додада халықаралық төрешілер алқасы қызмет атқаруда, оның құрамында Қазақстаннан 6 маман, Қырғызстаннан екі маман және Моңғолия мен Ресей Федерациясынан қос маман бар.

«Қаршыға салу», «Ителгі салу» санаттары бойынша да финалдық кезеңдер де бүгін өтеді.