Руслан Құрбанов тарихи жеңіске қол жеткізді
Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15:12 есебімен ұтып, спортшыларымыздың арасынан алғаш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10:15 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды.
Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.
Айта кетейік, отандасымыз 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15:14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14:13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.
Тағы бір дерек, ел тарихында спорттың дәл осы түрінен бұған дейін ешқандай жүлделі медаль еншілеген емеспіз.