00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астаналық сарбаздар жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды

14 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астаналық сарбаздар жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордада 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қызмет атқару кезінде жоғалған баланы тауып,  ата-анасына тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы ауданының тыныштығын күзету кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Геннадий Коробов және патрульдік жауынгерлер Владислав Бабушкин мен Абдумутал Әбдікәрімовтен қала тұрғыны көмек сұрап, ұлын табуға көмектесуді өтінді. Ұландықтар әскери жасақтар мен кезекші офицерге баланың белгілерін баяндап, шұғыл ақпарат таратады. Өздері де уақыт жоғалтпай, бірден іздеуге кіріседі. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бала табылып, ата-анасына табысталды», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ сол күні тағы бір әскери жасақ Алматы ауданынан ұялы телефон тауып алады.

Сағат 21:00 шамасында  әскери жасақ бастығы қатардағы Мейрам Бекболатов және патрульдік жауынгерлер Дилзат Аблимитов пен Ерасыл Әмірханов Петров көшесінде «Samsung s24 Ultra» маркалы телефон жатқанын байқап қалады.

«Жоғалған гаджетті тапқаннан кейін біз бұл туралы дереу патрульдік топ бастығына баяндадық. Көп ұзамай телефон иесі анықталып, белгіленген жерге келді. Смартфонның сол азаматқа тиесілі екеніне көз жеткізген соң өзіне табыстадық», - деді әскери жасақ бастығы Мейрам Бекболатов.

Қызметтік міндеттерін кәсіби және адал орындағаны үшін телефон иесі ұландықтарға өз алғысын білдірді.