Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.
Айта кетейік, Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының финалында алтын медальді жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

18 қыркүйек, 2025
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды