Михаил Шайдоров Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
13 ақпан, 2025


Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол бүгін еркін бағдарламада 169.26 ұпайға ие болды. Кеше қысқа жаттығуда 76.75 балл жинаған. Осылайша, 246.01 ұпай оның үшінші сатыға көтерілуіне жол ашты.
Ал Диас Жиренбаев жалпы есепте 186.18 ұпаймен 9-орыннан көрінді.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Чха Жунхван чемпион атанды. Ал әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері, жапон Юма Кагияма 2-орында.
Айта кетейік, бұл мәнерлеп сырғанаудан ақ Азиададағы Қазақстан қоржынына түскен 6-жүлде.
Ұқсас жаңалықтар

7 маусым, 2025
Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды

5 маусым, 2025
Теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

3 маусым, 2025
Екі қазақстандық төреші күрестен Хорватияда төрелік етеді

3 маусым, 2025
Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті