Мектеп мұғалімі Оралдан Ақтөбеге дейінгі 500 шақырымды жүгіріп өтті

Бүгін, 13:45
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views38
Мектеп мұғалімі Оралдан Ақтөбеге дейінгі 500 шақырымды жүгіріп өтті
Фото: «Диапазон» газетінен

37 жастағы Қуаныш Құрмашев Оралдан Ақтөбеге дейінгі 500 шақырымды жүгіріп өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz «Диапазон»-ға сілтеме жасап.

Ол Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында туып-өскен. Ол балаларды жеңіл атлетика және волейбол спорт түрлерінен жаттықтырады. Петропавловка орта мектебінде жұмыс істейді,

Ауыл мұғалімінің спортта жетістіктері бар. Ауыл тұрғындары жерлестерімен мақтанады. Журналистер Қарғалы ауданындағы жол жөндеу жұмыстарын көру үшін әкіммен бірге келген кезде ауыл тұрғындары бірден Шахаровқа спортшы туралы айтып берді. Мұғалім Оралдан Ақтөбеге дейін 500 шақырым жүгіріп өткен, сондай-ақ бұған дейін 12 сағатта 102 шақырым жүгірген. Қуаныш Құрмашев үнемі жүгіру марафондарына қатысады.

«Ол туралы фильм түсіріңіздер! 500 шақырым – үлкен қашықтық, Оралдан Ақтөбеге дейін!», - деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Оралдан Ақтөбеге дейінгі марафонда Құрмашевтің бес күні кеткен. Алғашқы екі күні ол 80 шақырымнан, үшінші күні 70 шақырым жүгірген. Бес күнде жету үшін ол қалған екі күнде ол 130 шақырымнан жүгірген.

«Мен Орал қаласындағы Киров саябағынан жүгіріп шықтым да, Ақтөбеге дейін жеттім. Әр 100 шақырым сайын демалып, тамақтанып отырдым. Жол бойында көліктер тоқтап, сәлем беріп, су, тамақ ұсынып, мотивация беріп отырды. Мен бұл қашықтардың барлығын балаларға үлгі болу үшін жүгіріп өттім. Спортпен айналысу керек екенін, біздің күшті әрі төзімді екенімізді көрсеткім келді», - деп бөлісті Қуаныш Құрмашев.