Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
23 сәуір, 2024
Қанат Байұзақов
фото: Elorda.info
Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада лицензиясына иелік етті, деп хабарлады Elorda.info.
Ол трап жаттығуында 118 ұпай жинап, финалға шықты. Ақтық сындағы 4 мергенде жолдама болғандықтан, отандасымыз автоматты түрде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген.
Былтыр Бакудағы әлем чемпионатында Мария аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған.
Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Олимпиада ойындарының 47 лицензиясы бар.
Ұқсас жаңалықтар