00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұлы дала жорығы»: Қыздар құрамасы жарысты мезгілінен бұрын аяқтады

12 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұлы дала жорығы»: Қыздар құрамасы жарысты мезгілінен бұрын аяқтады
Фото: joryq.kz

Екінші мәрте өтіп жатқан «Ұлы дала жорығы» жарысының алтыншы кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info

Кеше 14 команда Алаша хан кесенесінен Жезқазған маңындағы Талап ауылына дейінгі 100 шақырымдық жолды жүріп өтті.

Өкінішке қарай, бұл кезеңде атының жарақат алуына байланысты қыздардан құралған Ақмола облысы мен Қызылорда командасы жарыстан шықты. Қос команда да осы кезеңде 3 атпен ғана өнер көрсетіп келген, соңғы кезеңде тағы бір аттары жарамсыз болып қалды. Жарыс ережесі бойынша, екі атпен сайысқа түсуге рұқсат етілмейді. 

Осы турда алғаш рет қатысып отырған Қостанай облысы топ жарып, жалпы есепте Жамбыл командасын үшінші орыннан ығыстырды. 

Алтыншы кезеңдегі жүлдегерлер: 

1. Қостанай облысы 5:48:36;

2. Ақтөбе облысы 5:48:54;

3. Маңғыстау облысы 5:55:41.

Бүгін жетінші кезеңнен бастап 12 құрама жарысты ары қарай жалғастырады.

6 турдың жалпы нәтижесі (550 шақырым): 

1. Маңғыстау облысы 35:49:16;

2. Ақтөбе облысы 37:26:40;

3. Қостанай облысы 38:20:20.

Салыстырмалы түрде былтыр 6 кезеңнен соң, 9 ғана команда қалған еді. 

Мәлімет Joryq.kz сайтынан алынды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ