00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жүйріктері анықталады

19 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жүйріктері анықталады
Фото: joryq.kz

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 13-кезеңі Кентау қаласында аяқталды, деп хабарлады Elorda.info

13 кезең қорытындысы бойынша Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып кессе, Алматы қаласының командасы мәреге үшінші болып жетті. 

Нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1 250 шақырымы артта қалды. Сонымен қатар жорықтың аяқталуына аз қалғанда Түркістан, Қостанай облыстары командасының аттары болдырып, жарыс жолынан шығып кетті.

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге. Бас жүлде 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге бекітілген. 

Айта кету керек, жүлде қоры жеңімпаз команда мүшелеріне теңдей бөлінеді. Бірінші орынға 30 миллион теңге болса, команданың әр мүшесіне 6 миллион теңгеден тиесілі. Жеңімпаз команда мәреге толық құраммен келмей-ақ жүлделі үш орынның бірін иеленген жағдайда, оларға тиесілі жүлде қоры белгіленген тәртіппен пропорционалды түрде азаяды. Артылған қаражат осы жорықта ерекше қырынан көрінген басқа қатысушыларға арнайы номинация аясында беріледі.