00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұлы дала жорығы»: Фаворит команданың бірі жарыстан шығып қалды

15 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұлы дала жорығы»: Фаворит команданың бірі жарыстан шығып қалды
фото: Оңалхан Өнерхан

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

11 команда жалпы есеп бойынша 850 шақырымды бағындырды.  

Өкінішке қарай, «Ұлы дала жорығының» бастапқы кезеңдерінде көш бастаған, былтыр 4-орынға табан тіреген Жамбыл облысы 2 атпен қалуына байланысты жарыспен қоштасуына тура келді.

Өкініш жоқ. Келесі жылдан үміт бар. «Жеңілген күреске тоймайды» демекші, мұнымен қоштаспаймыз. Расында дайындығымыз аз болды. Келесі жылы ең мықты аттарды алып келеміз.  Атымыз аяқасты аяғын ауыртып алып, жарысты тоқтатуға мәжбүр болдық. Дегенмен біздің екі шабандозымыз Түркістанға дейін  бармақ, - деді Жамбыл облысының шабандозы О.Байшонов.

9-кезеңнің жүлдегерлері:

Жетісу облысы 1-орын алғанымен, медициналық тексеріске уақытында бармағандықтан, 15 минут қосылды.

1. Алматы облысы 6:51:03;
2. Қостанай облысы 6:53:28;
3. Жетісу облысы: 6:56:18.

Жалпы нәтиже:

1. Маңғыстау облысы 56:54:19;
2. Қостанай облысы 58:23:31;
3. Ақтөбе облысы 58:56:32.

c67c8d19-2aed-4210-9d30-6181bf3bf115.jpg

Салыстырмалы түрде былтыр 9 кезеңнен соң, 8 ғана команда қалған еді.

Мәлімет Joryq.kz сайтынан алынды.