Ұлттық ұланның самбо бойынша чемпионаты өз мәресіне жетті

Бүгін, 16:12
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ұлттық ұланның самбо бойынша чемпионаты өз мәресіне жетті
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Түркістанда Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еліміздің әр өңірінен келген әскери бөлімдердің сарбаздары мен офицерлері қатысқан додада 70-ке жуық спортшы күш сынасты.

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен жарыс барысында 7 команда 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Қатысушылар арасында ел және Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері де бар.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Сәтжан Әбішевтің айтуынша, бұл жарыс алдағы уақытта өзге өңірлерде де жалғасын табады. Жеңімпаздар Ішкі істер министрінің кубогіне қатысуға мүмкіндік алады.

Бұл чемпионат Ұлттық ұлан қатарындағы жауынгерлердің тек әскери ғана емес, спорттық шеберлігі де жоғары екенін дәлелдеді.

Қорытынды бойынша командалық есепте: 1 орын – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, 2 орын – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы,  3 орын – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы иеленді.