00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемдік іріктеу турнирі: Олимпиада жолдамасы үшін боксшыларымыз кіммен жұдырықтасады?

Әлемдік іріктеу турнирі: Олимпиада жолдамасы үшін боксшыларымыз кіммен жұдырықтасады?
Фото: Қазақстан бокс федерациясынан

Ертең бокстан Таиландта Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялық жарысы басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін бокстан 24 мамыр – 2 маусым күндері аралығында Таиланд астанасы Бангкокта 133 елден 579 спортшының қатысуымен өтетін шешуші әлемдік лицензиялық турнирдің жеребесі тартылды.

Ерлер

63,5 келі. 65 боксшы (5 жолдама)

1/32 финал

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Кристиан Питт Лауренте (Филиппин)

Әйелдер

50 келі. 34 боксшы (4 жолдама)

1/32 финал

Назым Қызайбай – Николь Дурикова (22 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының 2 мәрте жүлдегері)

Егер 1/16 финалға шықса, Оңтүстік Корея өкілі Жухуюнг Жангпен кездеседі.

54 келі. 33 боксшы (4 жолдама)

1/16 финал

Ұлжан Сәрсенбек – Шера Мае Патрисио (АҚШ)

60 келі. 30 боксшы (3 жолдама)

1/16 финал

Римма Волосенко – Фелиситас Мария Ганглбайер (Германия)

66 келі. 37 боксшы (4 жолдама)

1/16 финал

Наталья Богданова – Кристина Кулухова (2024 жылғы Еуропа чемпионы)

75 келі. 30 боксшы (4 жолдама)

1/16 финал

Валентина Хальзова – Каролина Махно (Украина)

Айта кетейік, 10 күнге жалғасатын бәсекеде Париж Олимпиадасының 51 жолдама иегері (ерлер – 28, әйелдер – 23) анықталады.