Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы халықаралық турнирге қатысады
2 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға алты қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Турнирде 232 спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде әлемдік рейтингте ТОП-50 қатарына енетін 12 теннисші бар. Жарысқа қазақстандық Кирилл Герасименко да қатысады.
Одан бөлек, Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова сынға түседі.
Айта кетейік, турнирдегі алғашқы матчтар бүгінге жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады