00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

6 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп хабарлады Elorda.info.

Әлемнің 129-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы Т.Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.

Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.