00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Хоккейден әлем чемпионаты неге Қазақстанда өтпейді?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Хоккейден әлем чемпионаты неге Қазақстанда өтпейді?
Фото: Kazakhstan hockey

Бүгін Тампереде (Финляндия) өткен Халықаралық Хоккей Федерациясының отырысында 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының алаң иесін таңдады, деп хабарлады Elorda.info.

Дауыс беру нәтижесі:

Германия — 102

Қазақстан — 34

Қандай спорт кешенінде өтеді? 

Мангейм, SAP Arena — 13 500 көрермен сияды.

Дюссельдорф, ISS Dome — 14 мың көрермен сияды. 

Қазақстан тарапы ұсынған спорт кешендері: 

Алматы, Алматы Арена — 12 мың көрермен сияды. 

Астана, Барыс Арена — 11 578 адам сияды. 

Жеңуімізге қандай үміт болды? 

— 1930 жылдан бері әлем чемпионатын 20 мемлекет өз жерінде қабылдаған. 

Швеция — 11

Чехия — 10

Финляндия — 10

Швейцария — 10

Германия — 9 (2027 жылы 10-шы мәрте өтеді) 

Егер Қазақстан дауыс беруде жеңгенде, әлем чемпионаты жаңа елде өтіп, географиялық кеңістік кеңейер еді. 

Жеңілуімізге қандай себеп болды? 

Әлем чемпионатына Украина кіргені үшін Ресей мен Беларусь елдері қатыстырылмады. Ал Қазақстанның «Барыс» клубы Ресейдің құрлықтық хоккей лигасында ойнап жатыр. 

Алдағы жылдары әлем чемпионаты өтетін елдер: 

2024 жыл — Прага және Острава (Чехия) 

2025 жыл — Стокгольм (Швеция) және Хернинг (Дания) 

2026 жыл — Цюрих және Фрибург (Швейцария) 

2027 жыл — Мангейм және Дюссельдорф (Германия)