Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды
БАӘ-де өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдодан Қазақстан командасының құрамы жария етілді. Бұл туралы Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап хабарлады.
11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Оған Қазақстан командасы қатысады. Біздің елдің атынан турнирге 13 спортшы қатысады.
Турнирге қатысатын спортшылар:
Әйелдер:
- Әбиба Абужақынова (48 келіге дейінгі салмақта)
- Эсмигуль Куюлова (63 келіге дейінгі салмақта)
- Назгүл Маратова (78 келіден жоғары салмақта)
- Карина Такиева (78 келіден жоғары салмақта)
Ерлер:
- Мағжан Шамшадин (60 келіге дейінгі салмақта)
- Дәурен Суюкенов (60 келіге дейінгі салмақта)
- Әділбек Берікұлы (66 келіге дейінгі салмақта)
- Дархан Қойбағар (73 келіге дейінгі салмақта)
- Ермек Амангелді (73 келіге дейінгі салмақта)
- Жалғаc Қайролла (80 келіге дейінгі салмақта)
- Руслан Мусаев (81 келіге дейінгі салмақта)
- Әділет Сапарғалиев (100 келіге дейінгі салмақта)
- Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары салмақта)