00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

EURO-2024: Ұлттық құрама өз алаңында айқын басымдықпен жеңіске жетті

17 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
EURO-2024: Ұлттық құрама өз алаңында айқын басымдықпен жеңіске жетті
фото: дереккөзден

Футболдан EURO -2024 додасына іріктеу кезеңі аясында өткен ойында Қазақстан құрамасы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elorda info.

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Марино командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бүгінгі ойында футболшыларымызды қолдауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев арнайы келді.  

Нәтиже бойынша Қазақстан — Сан-Марино 3:1 есебі тіркелді. 

Голдар: Ислам Чесноков, 19 минут (1:0), Ислам Чесноков, 51 минут (2:0), Симоне Франчози, 60 минут (2:1), Абат Айымбетов, 90+2 минут (3:1)

Бұл ойында ерекше атап өтер жайт, «Тобыл» клубының футболшысы Ислам Чесноков ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты. 

Осылайша, отандастарымыз топтық кезеңде 9 ойында рекордтық 18 ұпай жинады. 

Енді жігіттер 21 қараша түнгі 01:45-те сырт алаңда Словенияға қарсы ойнайды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ