00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ескек есушілер Азия ойындарының финалына шықты

21 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ескек есушілер Азия ойындарының финалына шықты
Фото: дереккөз

Ханчжоуда Азия ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу кезеңдері өтті, деп хабарлайды Elorda.info ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Академиялық ескек есуден әйелдер арасындағы жұптық бәсекеде ел намысын қорғаған Светлана Германович пен Мария Чернец іріктеудің екінші кезеңінде өнер көрсетті.

Қазақстандық дуэт 7 минут 38.77 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын екінші болып кесіп, А финалына жолдама алды.

Қыздарымыз 24 қыркүйек күні Ханчжоудағы жазғы Азиаданың жүлдесіне таласады

Сонымен қатар, бүгін Александр Афанасьев пен Анастас Шашков та финалға шығу үшін сайысқа түскен. Мәреге төртінші болып жеткен қазақстандық жұп В финалына жолдама алды.