Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.
Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты – 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді – 338 (152+186) келі.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады

10 қазан, 2025
Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

10 қазан, 2025
Қазақстан су добынан Азия чемпионатының финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

10 қазан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды