Елордалық зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті
21 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 15 жыл толуына орай «Белсенді ұзақ ғұмыр» орталығында зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Төрешілер бірнеше күн бойы ерлер мен әйелдер арасындағы үздік ойыншыларды анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Серік Сақуов пен Гүлнар Мусина жеңімпаз атанса, Сәрсембай Қайыржанов, Раиса Молдина, Талғат Исмағұлов және Жібек Балтабаева жүлдегерлер атанды.
Олар дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны Есіл ауданының әкімдігі Астана қаласы әкімдігінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады