Елордада спорттың 30 түрінен 945 секция жұмыс істейді
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордада мемлекеттік спорттық-шығармашылық тапсырысты іске асыру туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Азамат Агзамов пен Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda info.
Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда.
2023 жылғы 27 қыркүйекте ақпараттық жүйе арқылы Damubala.kz сағат 20.00-ден бастап спорттық тапсырыс бойынша 7500 ваучер алуға кезек құрылып, олар 2023 жылдың 20 қазанында бюджет бекітілгеннен кейін бөлінді. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы биылғы жылдың 9-20 қазан аралығында, сондай-ақ 16-17 қараша аралығында мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға қатысуға ниет білдірген жеткізушілерден өтінімдер қабылдауды жүргізген.
Бүгінгі таңда қалада спорттың 30 түрі бойынша 945 секция жұмыс істейді, 335 жеткізуші қызмет көрсетеді, оның ішінде 172 белсенді 3 мүмкіндігі шектеулі ерекше балалармен жұмыс істейді, сондай-ақ 21500 белсенді ваучер.
Ең танымал секциялар-шахмат сияқты спорт түрлері 257 секция 6960 ваучер, дзюдо 112 секция 2663 ваучер, футбол 80 секция 2215 ваучер, көркем гимнастика 54 секция 2021 ваучер және каратэ 99 секция 1363 ваучер.
Әкімдік 2024 жылға мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға 26 000 ваучерді қамтуды жоспарлауда.
Сонымен қатар қараша айының соңына дейін балаларды спорт секцияларына жазу үшін кезек ашу жоспарлануда. Олар туралы Damubala.kz сайтында, сондай-ақ спорт басқарманың ресми сайтында және инстаграм парақшасында хабарланатын болады.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерінің» қызметін жандандыру міндетін қойды. Шығармашылық үйірмелер бойынша мемлекеттік тапсырыс операторлары ретінде «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ-сі әрекет етеді.
Бүгінгі таңда елордада 45 түр бойынша 705 үйірме жұмыс істейді, онда 22 мыңға жуық бала айналысады.
«2021 жыл бастап 2023 жылдың басына дейін artsport.kz платформасында жұмыс жасалды, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдарға бағдарламаны іске асыру үшін платформаны таңдау мүмкіндігі бойынша өкілеттіктер берілді. Осыған орай, басқарма веб-портал арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру шеңберінде жан басына шаққандағы қаржыландырудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті сатып алуды жариялады, оның қорытындысы «QazTiQet» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру damubala.kz платформасында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру шеңберінде өнім берушілердің өтінімдерін 2023 жылы 16 қараша сағат 09:00-ден бастап 17 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылдау жүргізілді, осыған байланысты бүгінгі күні өтінімдер қаралу процесі аяқталды. Сонымен қатар, келесі аптада кезекке тұру ашылып, қосымша орындар берілетін болады»,- дейді Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева.
Шығармашылық тапсырысқа байланысты барлық ақпараттар Астана қаласы мәдениет басқармасының ресми сайтына және әлеуметтік желілерге тұрақты түрде жарияланып отырады.