Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан қысқы чемпионат өтеді


25-28 ақпан аралығында елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXXIII ерлер арасындағы, XI әйелдер арасындағы және X жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттары өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Чемпионаттарға еліміздің облыстары мен қалаларының құрама командалары қатысады. 500-ге жуық спортшы екі тәртіп: шабуыл сатысымен көтерілу және кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту бойынша бақ сынайды.
Қысқы чемпионаттардың қоссайыс қорытындысы бойынша сәуір айында Астана қаласында өтетін «ҚР өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына одан әрі қатысу үшін ерлер арасында 60 және әйелдер арасында 40 мықты спортшы таңдалады.
Сондай-ақ қысқы чемпионаттардың қорытындысына сәйкес өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ұлттық құрама командалары құрылады.