00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Допингпен ұсталған ең алғашқы Олимпиада жүлдегері кім?

25 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Допингпен ұсталған ең алғашқы Олимпиада жүлдегері кім?

1967 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде антидопинг ережесін енгізді деп, хабарлады Elorda.info.

1968 жылы Мексикада өткен жазғы Олимпиада ойындарында әр спортшы медициналық тексерістен өту міндеттелді. осы кезде Швеция азаматы Ханс-Гуннар Лиенвалль допингпен ұсталған ең алғашқы спортшы атағын иеленді. Бессайыс сайысында сынға түскен швед Ханс-Гуннар пистолет ату жарысының алдында қобалжуын басуын үшін екі шыныаяқ сыраны сіміреді. 

Жарыс ойдағыдай өтіп, Швеция құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Алайда тексерістен кейін Ханс-Гуннар Лиенвалльдің психо белсенді зат қолданғаны анықталып, жүлде Франция құрамасына берілді.

Швед спортшысы 1972 жылы да Мюнхен Олимпиадасына қатысып, жүлде ала алмады.

ХОК-тың статистикасына сүйенсек, 1968 жылдан бері спортшылар түрлі себеппен 154 жүлдесін кері қайтарған. 

Олардың ішіндегі ТОП-5 мемлекет:

1-орын. Ресей – 14 алтын, 20 күміс, 11 қола.

2-орын. Украина – 2 алтын, 4 күміс, 5 қола.

3-орын. Беларусь – 2 алтын, 3 күміс, 6 қола.

4-орын. Қазақстан – 6 алтын, 2 күміс, 2 қола.

5-орын. АҚШ – 5 алтын, 1 күміс, 2 қола.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ