Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды
14 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінен
Қазақстандық параатлетші Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15.74 м нәтижесімен ядро лақтыруда үшінші орын алды.
Турнир Париж қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1 200-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетті.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты – бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады