Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көрермендерін арнайы автобустар тасымалдайды
4 қыркүйек, 2024


Фото: Elordainfo.kz
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көрермендерді апару үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады.
Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:
1. «Астана Арена» тұрақ аймағы
2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы
3. «ЕХРО» тұрақ аймағы
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

3 маусым, 2025
Екі қазақстандық төреші күрестен Хорватияда төрелік етеді

3 маусым, 2025
Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті

2 маусым, 2025
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

2 маусым, 2025
Астанада үш күндік халықаралық ат спорты жарыстары өз мәресіне жетті