Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстандық теннисшілер матчтарға дайындықты бастады

Фото: olympic.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алу үшін өтетін матчтарға дайындықты бастап кетті. Дайындық Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дәл сол жерде чемпионатқа қатысу құқығы үшін кездесулер өтеді. Тек бір ғана команда жолдама алады.
Қазақстан құрамасы 10 сәуірде Аустралияға қарсы, ал 11 сәуірде Колумбиямен ойнайды.
Құрама сапында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина және Жібек Құламбаева бар.
Алдағы кездесулер Патрик Рафер атындағы аренада өтеді. Топ жеңімпазы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:27
Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

22 қазан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Ауыз «ойнамасын», аяқ ойнасын

22 қазан, 2025
Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті

22 қазан, 2025
Геннадий Головкин Бахрейн бокс федерациясының президентімен кездесті