Азия ойындары: Қазақстандық биатлоншылар қола медальға ие болды

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші жетті.
Жарыс жолына шыққан Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая төрттігі Қытай (алтын) мен Оңтүстік Корея спортшыларынан қалып кетті.
Бүгін барлығы 5 мемлекеттің әйелдер құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен 10:00-де ерлер эстафетада биатлоннан соңғы жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Айта кетейік, бұл – биатлоншылардың IX қысқы ойындағы 3-медалі. Осыған дейін жекелей сында Владислав Киреев чемпион, Вадим Куралес күміс жүлдегер атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Қазақ күресінен әскерилер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік шықты

15 тамыз, 2025
CISM әлем чемпионаты: ұлттық құрама 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль иеленді

15 тамыз, 2025
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

15 тамыз, 2025
Қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты: бүгін боз кілемге кімдер шығады