00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы тағы бір күміс медаль жеңіп алды

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы тағы бір күміс медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info

Байдарка мен каноэда ескек есуден ерлердің жұптық сайысы финалында бақ сынаған Емельяновтар 1000 метр қашықтықты 3 минут 49.991 секундта бағындырып, мәреге екінші болып келді.

Бұл – спортшыларымыздың Ханчжоудағы құрлықтық додада алған екінші жүлдесі. Кеше Сергей Емельянов Тимур Хайдаровпен бірге Азиада чемпионы атанса, Тимофей Емельянов жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген еді.