00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азия ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

28 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азия ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Қазақстан құрамасына Азиадада семсерлесу спортынан қола жүлде бұйырды, деп хабарлады Elorda.info.

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы (Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев) жартылай финалда Оңтүстік Корея командасынан 41:45 есебімен жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Бұл Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына түскен он бірінші қола медаль.

1/8 финал. 

Қазақстан Непал 45:15

1/4 финал. 

Қазақстан Кувейт 45:43

1/2 финал. 

Қазақстан Оңтүстік Корея 41:45

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасы семсерлесуден 2 қола медаль жеңіп алды.