Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
29 мамыр, 2025


Фото: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.
Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 18:06
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

28 мамыр, 2025
Астана үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

27 мамыр, 2025
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

27 мамыр, 2025
Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды