Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Фото: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Нора Джеруто 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірудің финалында жеңіске жетіп, мәреге 09:10.46 уақыт көрсеткішімен келді.
Екінші орынды үндістандық Паул Чаудхари (09:12.46), ал үшінші орынды қазақстандық Дейзи Джепкемей (09:27.51) иеленді.
Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін Дейзи Джепкемей 10 000 метрге жүгіруден алтын, ал Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:23
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

Бүгін, 11:29
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды