Қазақстандық волейболшы шетелдік клубтың капитаны болды
20 желтоқсан, 2024


Фото: Instagram.com/altynbekova_20
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның Yogya Falcons командасының капитаны атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мен Yogya Falcons командасының капитаны болғанымды мақтан тұтамын. Бүкіл командамызға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директорына сенімі үшін рақмет. Бұл менің бірінші рет капитан болғаным емес, сондықтан мен оның қаншалықты жауапты екенін білемін. Бүгін бірінші ойынымызды өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Біраз қателіктер болды, бірақ біз оларды түзетіп, ProLeague 2025-ке дайындалуға дайынбыз», - деп жазды С.Алтынбекова Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Сабина Алтынбекова қазан айының соңында Yogya Falcons командасымен келісімшартқа отырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:24
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Бүгін, 13:58
Астанада үш күндік халықаралық ат спорты жарыстары өз мәресіне жетті

Бүгін, 12:44
Қайрат Сәтжанов: Thailand Open турниріндегі біздің боксшыларымыздың ойынына «жақсы» деген баға беремін

1 маусым, 2025
Қазақстанда қанша адам ұлттық спортпен шұғылданады