Қазақстандық спортшылар паражүзуден әлем кубогында жүлдегер атанды
15 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Германияда паражүзуден әлем кубогының сериясы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыста қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық спортшылар 4х100 метрге комплексті жүзу эстафетасында 5:34,36 секунд уақытты көрсетіп, күміс жүлдені еншілесе, 4х50 метрге аралас эстафетада 2:36,39 секунд нәтижесімен қола жүлдегер атанды.
Эстафеталық қашықтықтарда жерлестеріміз Алина Синельникова, Нұралі Советханов, Сиязбек Далиев, Әмір Мұратбеков және Алина Дубинина өнер көрсетті.
Жарыста қазақстандық Сергей Кинах 200 м брасста және Алина Дубинина 50 м брасста Азия рекордын жаңартты.
Айта кетсек, паражүзуден әлем кубогының сериясы Берлин қаласында өтті. Жарысқа 50 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді