Қазақстандық ауыр атлет Азия рекордын жаңартты

Фото: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты – 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді – 334 (154+180) келі.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады

10 қазан, 2025
Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

10 қазан, 2025
Қазақстан су добынан Азия чемпионатының финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

10 қазан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды