Қазақстан су добынан Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Фото: olympic.kz
Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары құрлықтық біріншілікте үшінші орынға ие болды.
Ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Иран командасын жеңді.
Әйелдер арасындағы турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Қазақстандық спортшылар бес кездесу өткізіп, Сингапур, Гонконг және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Жапония мен Қытайға қарсы ойындарда жеңіліс тапты.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Қазақ күресінен әскерилер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік шықты

15 тамыз, 2025
CISM әлем чемпионаты: ұлттық құрама 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль иеленді

15 тамыз, 2025
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

15 тамыз, 2025
Қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты: бүгін боз кілемге кімдер шығады