Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды.
Барлық үш медаль – қола. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.
Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.
Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:11
Регбиден Қазақстан құрамасы Оманда өткен турнирде топ жарды
Бүгін, 14:12
Азия ойындары: Таеквондодан Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі
26 қазан, 2025
Руслан Есеналин Азия ойындарының жүлдегері астаналық Анель Цойды құттықтады
26 қазан, 2025
«Қайрат» – «Астана»: бүгін ҚПЛ чемпионы анықталады
