Қазақстан құрамасы таеквондодан әлем кубогында қола медальға қол жеткізді

Фото: olympic.kz
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандастарымыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда, Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен жол берді.
Ал қола жүлде үшін өткен айқаста қазақстандықтар Марокко спортшыларын 2:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан жыл соңында өтетін әлем кубогына жолдама алды.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлықтарға 2:0 есебімен жол берді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:51
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан 32 команда анықталды

Бүгін, 09:08
«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

26 тамыз, 2025
Бокстан әлем чемпионатының жарыс бағдарламасы белгілі болды

26 тамыз, 2025
Елімізде алғаш рет спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы өтеді