00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

24 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Фото: дереккөз

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Оған 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Ел намысын 19 спортшы қорғады.

Жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды.

Нәтижесінде кумите бағдарламасында ерлер командалары арасында отандастарымыз күміске қол жеткізді. 

Сондай-ақ чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте көш бастады. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран спортшылары (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) түйіндеді.