Астаналық велоспортшылар түрлі жарыстарда ел намысын қорғап жүр
Елорданың айналасындағы орманды алқабында 20 ұзындығы шақырым велосипед жолы бар. Сонымен қатар қала ішінде, саябақтарда да бірнеше велосипед жолдары салынған, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов пен №6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі КММ басшысы Бауржан Утегенов елордадағы велоспорттың дамуы туралы мәлімет берді.
Елордада балалар мен жасөспірімдер арасында велоспортты дамытумен Астана қаласы әкімдігінің №6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі айналысады.
Мектептегі спорт түрлері: тас жолдағы велоспорт, тректегі велоспорт және тау велосипедіндегі велоспорт.
2020-2023 жылдары Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 172 велосипед, жарыстарда және жаттығу процесінде спортшыларды сүйемелдеу үшін 3 автокөлік сатып алынды.
Мектепке жалпы білім беретін мектептер мен басқа да оқу орындарының оқушылары спорт түрлері бойынша бастапқы даярлық топтарына қабылдау үшін оқушылардың жасы 10-12, таңдалған спорт түрі бойынша спорттық нормативке сәйкес келген жағдайда тегін негізде қабылданады. Мектепте спортшылар 18 жасқа дейін жаттығады. Одан кейін Астана қаласының олимпиадалық спорт түрлері бойынш спортты дамыту дирекциясына ауысады.
Мектепте 20 жаттықтырушы жұмыс істейді, олардың барлығы жоғары білімдә мамандар. Олардың ішінде 13 жаттықтырушы жоғары санатты және 1 жаттықтырушы бірінші санатты. Мекемеде 382 оқушы бар, оның ішінде бастапқы дайындық кезеңдері бойынша - 253 және резервтік топ бойынша - 82 спортшы, спорттық жетілдіру бойынша - 47 спортшы. Қала құрамасында №6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінен 24 спортшы бар.
2023 жылы (1 қаңтардан 31 қазанға дейін) мектеп оқушылары барлығы 284 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде тас жолдағы велоспорт бойынша-59, велоспорт бойынша - 186, тау велосипедінен велоспорт бойынша-39 оқушы жоғары нәтиже көрсетті.
Ең үздік спортшылардың ішінде Заманбек Қылышбеков, Мұрат Куйтенов Кирилл Рива, Алина Венглинская, Дамиля Әділбек, Валерия Кузнецова Жанар Куйтеноваларды ерекше атап өтуге болады.
Биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда және Қытайдың тағы бес қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстанның велоспорттан ерлер командасы қола медаль жеңіп алды, Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов мэдисонда үшінші орын алды. Қола медаль командаға 37 ұпай жинады.
Азия ойындарына Астанадан қатысқан 4 спортшы - Рамис Дінмұхаметов, Мария Кузьмина, Дмитрий Ержанов, Сергей Кармажаков №6 БЖСМ тәрбиеленушілері.
Еңселі елордамызда дүбірлі додаларда топ жарып, қаламыздан қатар, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген саңлақтар жетерлік. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында Астана қаласының спортшысы Рамис Дінмұхаметов тректегі велосипед спортынан мэдисон жарысында қола медальға қол жеткізді.Осы сынды жетістіктеріміз күннен-күнге артып, ел спортының дамуына үлкен үлес қосуда. Мұның барлығы еселі еңбекпен, тәлім берген бапкерлердің жемісі деп білемін,- дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов.