Астаналық тоғызқұмалақшылар Азия чемпионатында топ жарды
13 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясынан
Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа 9 елдің (Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикалары, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан) 200-ден астам спортшысы қатысты.
Жарысты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Моңғолия тоғызқұмалақ федерациясы өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының тоғызқұмалақшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, тоғызқұмалақтың классикалық түрі бойынша 19 жас ұлдар арасында Ернұрсұлтан Боранбай екінші орын алса, ерлер арасында Биғали Зкрияев үшінші орынға қол жеткізді.
Рапид түрі бойынша әйелдер арасында Гүлнар Базаралиева 1-орынды жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады