Астаналық спортшы шорт-тректен әлем кубогының қола жүлдегері атанды
1 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Елордалық спортшы Әділ Ғалиахметов әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Кубоктік додада Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев бастаған еліміздің ерлер құрамасы бақ сынап, қола жүлдені иеленді.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде ұлттық құраманың қатарында Астана қаласының спортшысы Әділ Ғалиахметов өнер көрсетті.
Әлемдік додадағы бәсекеге сары құрлықтың 14 елінен 168 шорт-трекші сынға түсті.
Осылайша, ерлер құрамасы 5000 метр шақырымдық эстафетаны 7:05,352 уақыт көрсеткішімен үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ал алтын жүлде Қытай құрамасына бұйырса, күмісті Канада спортшылары еншіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді