00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада республикалық ұлттық мектеп лигасы басталды

11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада республикалық ұлттық мектеп лигасы басталды
Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, он спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Биыл лига ойындары баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық – асық ату, жеңіл атлетикалық кросс спорт түрлерінен өтеді.

Финалдық ойындар Астана қаласы, Алматы және Павлодар облыстарында 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар бойынша 31 наурыз – 6 маусым аралығында топтастырылып өткізіледі.

Лиганың алғашқы жарыстары елордада 9-11 сынып оқушылары арасында басталды, жарыстар 8 мамырға дейін жалғасады. 7-8 сыныптар арасында Павлодар қаласындағы жарыстар 18 сәуір – 8 мамыр аралығында өтеді. Ал 5-6 сынып оқушылары 15 мамыр – 6 маусым аралығында Алматы облысында өзара мықтыларды анықтайды, - деді орталық директоры Сағдат Садықов.

Ұлттық мектеп лигасы аясында 30 жарыс бойынша республикалық кезеңге бес мың оқушы жолдама жеңіп алған. Мектеп лигасының іріктеу жарыстары республиканың барлық аймағында оқу жылының басынан бастап сәуір айына дейін өтті. 2022-2023 оқу жылында мектепішілік, аудандық, қалалық/облыстық кезеңдерге екі миллионнан астам оқушы қатысқан.

Айта кетейік, бүгін сағат 18:00-де Астанадағы «Жастар сарайында» Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.