00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына 24 елден балуандар қатысады

Астанада күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына 24 елден балуандар қатысады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

9-14 сәуір аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында күрес түрлерінен осымен 36-шы Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Азия құрлығының 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшының қатысуы жоспарланып отыр. Олардың арасында Олимпиада ойындарының 7 жүлдегері, Әлем чемипионаттарының 5 жеңімпазы қатысады. Негізі бұл – Азия чемпионаты, лицензиялық турнир емес. Бірақ Азия ойындарының, Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі болып саналады, - деді Айгүл Бектенова.