Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

Фото: olympic.kz
24-30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан шамамен 1000 балуан қатысады.
Айта кету керек, биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені кубоктың басты мақсаты – алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.
Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.
Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады

10 қазан, 2025
Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

10 қазан, 2025
Қазақстан су добынан Азия чемпионатының финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

10 қазан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды