00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада грек-рим күресінен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

21 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада грек-рим күресінен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

Үш күнге жалғасқан турнир қорытындысы бойынша Астана қаласының боз кілем шеберлері топ жарды.

19363804-fb26-4123-bee9-6f073df2338e.jpg

Ауған соғысының ардагерлері ұйымдастырып жатқан жасөспірімдер арасындағы республикалық бәсеке көңілімізден шықты. 

Аязға қарамастан, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жарыс қатысушыларына алғысымды білдіремін.

Жақынжа ересектер арасына қосылатын жасөспірімдер үшін бұл жақсы тәжірибе болды деп ойлаймын, - деді Астана қаласының бас жаттықтырушысы Әділ Алжекиев. 

Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте елордалық балуандар көш бастады. 

1. Астана қ. – 3 алтын, 3 күміс, 4 қола;

2. Абай обл. – 2 алтын, 1 күміс, 3 қола;

3. СҚО – 2 алтын, 1 қола;

4. Атырау обл. – 1 алтын, 2 қола;

5-6. Қостанай обл. – 1 алтын;

5-6. Қызылорда обл. – 1 алтын;

7. Ақмола обл. – 1 күміс, 3 қола;

8. ШҚО – 2 күміс, 1 қола;

9-10. Ақмола обл. – 1 күміс;

9-10. Шымкент қ. – 1 күміс;

11. Алматы қ. – 4 қола;

12-14. Павлодар обл. – 1 қола;

12-14. Жамбыл обл. – 1 қола;

12-14. Қарағанды обл. – 1 қола.

b7a71cdc-e175-4365-abf8-0eb1b30f25ac.jpg

Сондай-ақ, турнирдің ең үздік балуаны номинациясын 71 келіде чемпион атанған елордалық спортшы Ахалбек Әбілмансұр жеңіп алды. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ